11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №557 

545 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
2015 жылғы 10 қыркүйек, Астана қаласы «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына және 28-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж.Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н.Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.СӘРІНЖІПОВ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі №557 бұйрығымен бекітілген «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлеген және бекіткен орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. 2. Ең төмен әлеуметтік стандартты реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің тізбесі: 1) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі; 2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы; 3) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 4) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 5) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 6) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 7) «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы; 8) «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысы; 9) «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 қаулысы; 10) «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №383 қаулысы; 11) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысы; 12) «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі №787 қаулысы; 13) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10981 тіркелген). 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: 1) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру; 2) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; 3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі қағидаттарды айқындау. 4. Осы ең төмен әлеуметтік стандартқа қосымшаға сәйкес ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері. «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартының нормалары және нормативтері № Норма/норма тив атауы Норманы/норма тивті реттейтін нормативтік құқықтық акт Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаты Норманың/нормативтің мөлшері 1 Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражат төлемі «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №381 қаулысы Патронат тәрбиешiлер Мектеп жасына дейiнгi бiр бала үшiн тамақтану айына 6 айлық есептiк көрсеткiш; мектеп жасындағы бiр бала үшiн тамақтану айына 7 айлық есептiк көрсеткiш бiр баланың киiм-кешегi, аяқ киiмi және жұмсақ мүкәммалы үшін айына 3 айлық есептiк көрсеткiш. 2 Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған жәрдемақы төлемі «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-ана-сының қамқорлығынсыз қал-ған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақ-стан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №383 қаулысы Қорғаншылар немесе қамқоршылар Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы – айына 10 айлық есептік көрсеткіш 3 Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі №787 қаулысы Асырап алушы Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем – 75 айлық есептік көрсеткіш 4 Жетім балаларға киім, аяқ киім, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп-жазу құралдарын сатып алуға, оқитын жерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға, қаржылай көмек көрсетуге, санаторийлік курорттық ұйымдар мен демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға, білім алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуына қаржылай және материалдық көмек «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы Отбасы-ларында тұратын жетім бала (жетім балалар) және ата-анасының қамқор-лығынсыз қалған бала (балалар) Киіммен, аяқ киіммен, оқулықтармен, оқу құралдарымен, мектеп-жазу құралдарымен, тамақтандырумен, санаторийлік курорттық ұйымдар мен демалыс лагерьлеріне жолдамалармен қамтамасыз ету. Қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың мөлшерін білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайды және білім беру ұйымында құрылған алқалы басқару органдарымен келісім бойынша қабылданатын білім беру ұйымының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі. 5 Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа және патронаттық тәр-биеге берілген жетім балаларды және атаанасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмсақ мүкәммалмен, жабдықтармен және киім кешекпен, тамақпен, оқулық-тармен қамтамасыз ету «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысы Жетім бала (жетім балалар) және ата-анасының қамқор-лығынсыз қалған бала (балалар) Бекітілген нормаларға сәйкес жұмсақ мүкәммалмен, жабдықтармен және киім-кешекпен, тамақпен, оқулықтармен қамтамасыз ету 6 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жал-даған тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 қаулысы Жетім бала (жетім балалар) және ата-анасының қамқор-лығынсыз қалған бала (балалар) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды 7 Мектепке дейінгі балалар ұйымына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жолдама беру «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10981 тіркелген) Жетім бала (жетім балалар) және ата-анасының қамқор-лығынсыз қалған бала (балалар) Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің мектепке дейінгі балалар ұйымына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жолдама беруі Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12113 болып енгізілді.